Қытай
Қытайдың солтүстік-батысында Қазақстанмен шекаралас жерде магнитудасы 4 жер сілкінісі болды


pixabay.com
Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Куйтун қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 51 шақырым аумақта жер сілкінісі болды, деп хабарлады РҒА Бірыңғай геофизикалық қызметінің Алтай-Саян филиалынан.
Алтай-Саян филиалының жедел өңделген деректеріне қарағанда, мәскеулік уақытпен сағат 04:29-да тіркелген жер сілкінісінің ошағы Қазақстан шекарасынан шамамен 200 шақырым қашықтықта болған.
Зілзала ошағындағы сілкіністердің қарқындылығы "өте күшті" , деп бағалануда.
Жер сілкіністері, оның ішінде қатты жер сілкіністері ҚХР-ның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында, Моңғолияның шекаралас аудандарында, Тувада, Алтай Республикасында және Бурятияның батыс бөлігінде жиі болып тұрады.
Бөлісу