Индонезиядағы МӨЗ-де болған өрттен жиырма адам зардап шекті

Express Qazaqstan
theguardian.com

Индонезиядағы Pertamina Balongan мұнай өңдеу зауытында (МӨЗ) болған өрттен бес адам қатты күйік алды, тағы 15 адам жеңіл жарақат алды, деп хабарлайды ANTARA агенттігі.

"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бес адам қатты күйік алды", - деді  Индрамаю округінің табиғи апаттарды жою жөніндегі аймақтық басқарма басшысының міндетін атқарушы Чай.

Оның айтуынша, барлығы 20 адам зардап шеккен. Бес адам ауыр жарақат алды, 15 - і жеңіл жарақат. Олардың барлығы жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

Ол зардап шеккендердің арасында мұнай өңдеу зауытының жанында орналасқан үйлердің тұрғындары, сондай - ақ кездейсоқ жолаушылар бар екенін айтты.

Өрт тудырған жарылыс дүйсенбіге қараған түні Батыс Ява провинциясындағы Индрамаю ауданындағы Балонган мұнай өңдеу зауытында болды.

Әлеуметтік желілерде жарияланған жарылыстың суреттерінде аспанға көтерілген от және қою қара түтін бейнеленген.

Мұнай өңдеу зауытынан ондаған шақырым жерде жарылыс естілді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров