Калифорнияда атыс кезінде төрт адам қаза тауып, екеуі жарақат алды

Express Qazaqstan
© Getty Images

Калифорния штатының Ориндж бизнес кешенінде болған атыс салдарынан кем дегенде төрт адам қаза болды, деп хабарлайды NBC News.

Ориндж бизнес орталығында атыс кезінде төрт адам қайтыс болды. Тағы екі адам, оның ішінде оқ атқан күдікті ауруханаға жарақатпен жеткізілді, деп хабарлады Ориндж полиция департаментінің өкілдері.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қайтыс болғандардың арасында бала бар.

Полиция жағдайдың тұрақтанғанын және "халыққа ешқандай қауіп жоқ" екенін хабарлады.

"Қайғылы жағдай. Жүрегіміз бүгін кешке осы қорқынышты трагедиядан зардап шеккен отбасылармен бірге", - деп жазды Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров