Индианаполистегі Fedex объектісінде атыс салдарынан бірнеше адам зардап шекті, артынша оқ атқан адам өзіне қол жұмсады

Express Qazaqstan
nytimes.com

Белгісіз ер адам Индианаполис қаласындағы (Индиана) FedEx объектісінде оқ жаудырды, содан кейін  өз өмірін қиды, деп хабарлайды Associated Press жұма күні.

Оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шекті, бірақ олардың саны мен жағдайы туралы нақты ақпарат әлі түскен жоқ.

Шабуыл фактісі Индианаполис полициясында расталды, олар жұма күні таңертең шабуылдаушы тірі болған кезде оқиға орнына барған. Қалалық полиция өкілі БАҚ-ын қоғамға қауіп төніп тұрған жоқ, деп сендірді.

* * *

Индианаполис қаласындағы (Индиана) FedEx объектісінде атыс салдарынан сегіз адам қайтыс болды, деп хабарлайды американдық баспасөз жұма күні жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Полиция сонымен қатар  жарақат алған көптеген адамдардың  ауруханаларға жіберілгенін айтады. Қанша адамның жарақат алғаны туралы әзірге  айтылмай отыр.

Бұрын хабарланғандай, атысты  ұйымдастырған адам артынша өзіне қол салған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров