Тәжікстандық "Сомон Эйр" әуе компаниясы Қазақстанға тұрақты рейстерді қайта жібере бастады

Express Qazaqstan
fergana.site

Тәжікстанның "Сомон Эйр"  әуе компаниясы Душанбе-Алматы-Душанбе бағыты бойынша тұрақты рейстерді қайта бастады, деп хабарлады жұма күні авиатасымалдаушының баспасөз қызметінен.

"Рейстер аптасына бір рет, сәрсенбі күні орындалатын болады. Наурыз айында  ұшу кестесі мынадай: Душанбеден жергілікті уақыт бойынша сағат 09:30 - да, Алматыдан - сағат 13:30 - да; сәуірде Душанбеден ұшу  сағат- 08:15-те, Алматыдан ұшу-сағат 12:05-те", - делінген хабарламада.

Барлық жолаушыларда нәтижесі шыққан күннен бастап Қазақстанға келгенге дейін 3 тәулік бойы жарамды COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасы болуы тиіс.

Қазақстан Тәжікстан үшін пандемияға байланысты тоқтап қалған тұрақты әуе рейстерін қайта бастап отырған бесінші елі болып отыр. Бұған дейін 14 наурызда COVID-19 пандемиясына байланысты бір жыл үзілістен кейін Алматы-Душанбе-Алматы бағыты бойынша бірінші рейсті қазақстандық "Эйр Астана" авиакомпаниясы орындаған болатын.

Қазіргі уақытта Тәжікстан Түркияға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Өзбекстан мен Ауғанстанға тұрақты халықаралық рейстерді қайта бастады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров