Хопкинс университеті: АҚШ-та пандемия басталғалы бері Сovid-19 жағдайларының саны 30 миллионнан асты

Express Qazaqstan
aljazeera.com

Америка Құрама Штаттарында коронавирустық пандемия басталғаннан бері инфекцияның 30 миллион 1 мың 245 жағдайы анықталды, деп хабарлады Джонс Хопкинс университеті.

Осы уақыт ішінде елде инфекциямен байланысты аурулардан 545 мыңнан астам адам қайтыс болды, деп хабарлады университет.

Жалпы, әлемде вирустың таралуы басталғаннан бері COVID-19 жұқтырғандардың саны 124 миллион 560 мың 474-ке жетті, 2,7 миллионнан астам адам қайтыс болды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров