ДДҰ басшысы: COVID-19 вакциналарын әділ бөлу керек, әйтпесе әлемдік экономиканы қалпына келтіру мүмкін болмайды

Express Qazaqstan
voanews.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс дүйсенбіде  COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналар елдерге әділ таратылмайынша, ғаламдық экономика мен  әлемдік көлік қатынасы қалпына келе алмайды, деп айтты.

"Вакциналардың әділетсіз бөлінуі моральдық тұрғыдан  ұят нәрсе ғана емес, бұл экономикалық және эпидемиологиялық тұрғыдан өзіне-өзі қол салу",  деп  батыстық  БАҚ  оның дүниежүзілік вакцинация туралы онлайн-конференцияда айтқан сөздерін келтіреді.

"Вирус бір жерде таралып жатса,  адамдар өлімі тоқтамайды, жалғаса  бермек, сауда мен сапарлардың жағдайы  сол  ұйымдастырылмаған күйінде қала береді, ал экономиканы қалпына келтіру мерзімдері  кейінге ысырыла береді", деді  ДДҰ басшысы.

Сонымен бірге ол  бай елдердегі вакцина алғандар  саны мен  COVAX аясында вакцина  жасалған адамдар саны  арасындағы айырмашылықтың күн сайын ұлғайып отырғандығын  атап өтті, бұл кіріс деңгейіне қарамастан, барлық елдер үшін COVID-19 коронавирустық вакциналарына тең қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық бастама болатын.

БАҚ бүкіл әлемде коронавирусқа қарсы вакциналардың 510 миллионнан астам дозасы шығарылғанын атап өтті. Сонымен қатар, кесте бойынша мамыр айының соңына қарай әр түрлі елдердің тұрғындарын вакцинациялау үшін COVAX бағдарламасы арқылы 238 миллион доза түсуі керек. Әзірге тек 32 миллионнан астам дозаны жеткізу мүмкін болды.

Осы уақытқа дейін әлемнің 36 елі бірде-бір  вакцина  дозасын алған жоқ, бірақ алдағы екі аптада осы мемлекеттердің 16-на  дәрі-дәрмектер COVAX арқылы берілуі керек, деп хабарлайды БАҚ.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров