ДДҰ: Еуропада вакцинациялау өте баяу жүргізілуде, тұрғындардың 4% ғана толығымен екпе алды

Express Qazaqstan
© Getty Images

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық бөлімшесінің мәлімдемесінде айтылғандай, Еуропа аймағында covid-19 коронавирусына қарсы вакцинация қарқыны өте баяу.

Бұл туралы  ДДҰ-ның осы бөлімшесінің басшысы Ханс Клуге айтты.

Ол аймақ халқының тек 10%  вакцинаның бір дозасын алғанын және тек 4% -да  ғана  вакцинация процесінің аяқталғанын айтты. Сонымен бірге, мәлімдемеде айтылғандай, Англияның ұлттық денсаулық сақтау қызметінің деректеріне қарағанда, 2020 жылдың желтоқсанында басталған вакцина салу науқаны 70 жастан асқан адамдар арасында оның  таралуын тежеп, 6 мыңнан астам адамның өмірін құтқарған. Өз кезегінде, Израильден берілген  Pfizer және BioNTech компанияларының вакциналарын әзірлеу туралы ақпараты препараттың екінші дозасы   90% тиімді екенін көрсеткен.

Сонымен қатар, аймақта COVID-19 ауруының өсуі байқалуда. Мәлімдемеге сәйкес, өткен аптада мұнда аурудың 1,6 миллион жағдайы тіркелді, шамамен 24 мың адам қайтыс болды.

"Біз көріп отырғанымыздай, вирустың таралуын тоқтатуға болады. Демек, менің аймақтық үкіметтерге айтарым,   шектеу шараларын  жеңілдететін уақыт емес", деп атап өтті Клуге.
 
ДДСҰ мәліметтері бойынша, пандемия басталғалы бері аймақта 45 миллионға жуық covid-19 оқиғасы тіркелді, өлім саны 1 миллионға жуықтады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров