Sinovac Biotech компаниясы жылына COVID -19 вакцинасының 2 миллиард дозасын шығару мүмкіндігі туралы мәлімдеді

Express Qazaqstan
globaltimes.cn

Қытайлық Sinovac Biotech фармацевтикалық компаниясы коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын үшінші зауыттың іске қосылуына байланысты жылына 2 миллиард доза дәрі-дәрмек шығара алатынын мәлімдеді.

Компания өкілі Бейжіңдегі үшінші өндірістік нысан вирус өсетін жасушаларды өсіре бастағанын айтты. Осыған байланысты вакциналардың 2 миллиард дозасын өндірудің жоспарланған деңгейіне шығару күні ұзақ емес.

Coronavac деп аталатын Sinovac вакцинасының 200 миллионнан астам дозасы әртүрлі елдерге жеткізілді. Компанияның бағалауы бойынша бүкіл әлемде оның препаратының 100 миллионнан астам дозасы егілген.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров