Қазақстан 2021 жылғы маусымда Венгриямен әуе қатынасын қалпына келтіреді

Express Qazaqstan
pixabay.com

Венгрия және Қазақстан осы жылдың маусым айында әуе қатынасын қалпына келтіреді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" мемлекеттік агенттігі сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийартоға сілтеме жасап.
 
"Біздің елдеріміздің астаналары- Будапешт-Нұр-Сұлтан арасындағы тікелей әуе қатынасы осы жылдың маусым айында қайтадан қолға алынады. Бұдан басқа, Будапешт - Нұр-Сұлтан - Бейжің әуе қатынасы  да ретке келтіріледі", - деді Сийарто Қазақстанға ресми сапары кезінде өткен брифингте.

Сийарто пандемия кезінде вакцинация мәселесінің және осы фактіні растайтын құжаттарды танудың екі тарап үшін де  маңыздылығын атап өтті.

Венгрия министрі вакцинацияның бірінші кезеңінен өткенін айтты

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров