Француздық Valneva COVID-19 вакцинасының клиникалық сынақтан сәтті өткендегі туралы хабарлады

Express Qazaqstan
clinicaltrialsarena.com

Француздық Valneva биотехнологиялық компаниясы препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігін көрсеткен коронавирустық вакцинаның клиникалық сынақтарының бастапқы кезеңін аяқтады, делінген баспасөз хабарламасында.

"Valneva бүгін клиникалық зерттеулердің оң нәтижелерін жариялады", - делінген хабарламада.

Онда вакцинаға төзімділіктің жақсы екендігі және оның қауіпсіздігі күмән туғызбайтындығы айтылған.

Компанияның ақпаратына қарағанда, 18-55 жас аралығындағы 153 ересек адам арасында жүргізілген сынаққа қатысушылардың 90%-дан астамында COVID-19-ға қатысты антиденелердің елеулі деңгейі пайда болған.

Компания енді сынақтарды одан әрі жалғастыруды және сәуір айының соңына қарай олардың соңғы кезеңін бастауды жоспарлап отыр.

Францияда вакцина шығару тақырыбы соңғы айларда белсенді талқылануда. БАҚ француз фармацевтикалық компанияларының бәсекелестерінен артта қалып, өздерінің COVID-19 вакциналарын әлі аяқтамағанына өкініш білдірген болатын.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров