Қытай
Қытайда COVID- 19 қарсы 145 миллионнан астам вакцинация жасалды


xinhuanet.com
Қытайда коронавирусқа қарсы 145 миллионнан астам адамға вакцинация жасалды, деп хабарлады ҚХР ұлттық денсаулық сақтау комиссиясынан.
"6 сәуірге дейін 31 провинция (автономды аудандар мен орталық бағыныстағы қалаларды қосқанда) және Шыңжаң өндірістік құрылыс корпусында коронавирусқа қарсы 145,3 миллион рет вакцинация жасалды", делінген комиссия хабарламасында.
Пандемия басталғалы бері елде 90 мыңнан астам адам COVID-19 жұқтырды, 4,6 мыңнан астам адам қайтыс болды.
Бөлісу