"Песняры" тобының солисі Леонид Борткевич қайтыс болды

Экспресс К
nevnov.ru

Танымал белоруссиялық музыкант, әншілер тобының солисі Леонид Борткевич сейсенбіде Минскіде қайтыс болды.

"Бүгін Минскіде аты аңызға айналған "Песняры"  тобының  әншісі  Леонид Борткевич қайтыс болды. Ол әрдайым біздің есімізде  қалмақ", - делінген топтың Facebook-тегі парақшасында.

Леонид Борткевич 1949 жылы 25 мамырда Минск қаласында дүниеге келген. 1970 жылдан 1980 жылға дейін және 1999 жылдан 2003 жылға дейін "Песняры" ВИА солисі болды. 2003 жылғы тамыздан 2008 жылғы қарашаға дейін және 2009 жылғы ақпаннан бастап - "Песняры" жеке ансамблінің жетекшісі. Беларусь КСР еңбек сіңірген әртісі. "Александрина", "Белоруссия", "Қайың шырыны", "Вероника" және басқа да әндердің орындау арқылы  танымал болған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров