Израиль 23 мамырдан бастап covid-19 қарсы вакцина салдырған туристерді елге кіргізе бастайды

Express Qazaqstan
jns.org

Израиль 23 мамырдан бастап туристік топтардың құрамында коронавирусқа қарсы вакцинациясы бар саяхатшылардың шектеулі санын жібере бастайды, деп хабарлайды The Times of Israel.

"Израильдің  қауіпсіз және сау ел ретіндегі ерекше артықшылығын пайдаланып, мемлекетке экономикалық дағдарысты қалпына келтіруге көмектесетін уақыты келді", деді туризм министрі Орит Фаркаш-Хакоэн.

Алдымен Израильге туристік топтар құрамындағы шектеулі туристер кіре алады. Саяхатшыларға ұшаққа отырар алдында коронавирусқа ПТР-тест тапсыруға тура келеді. Израильге келгеннен кейін туристер тағы бір ПТР сынағы мен антиденеге қатысты талдау өткізбек.

Өткен наурызда Иерусалим пандемия кезінде елге  бүкіл шетелдіктерге кіруге тыйым салған. 2020 жылы елдегі туристер саны 81%  төмендеді. Енді Израиль вакцинация қарқыны бойынша көшбасшылардың бірі болғандықтан, билік туризмді қалпына келтіруге үміттенеді.

Өткен аптада Израильдің халық саны және иммиграция басқармасы коронавируспен ауырып тұрған немесе коронавирусқа қарсы вакцинация алған шетелдіктер Израильге жақын туыстарына келе алады деп мәлімдеді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров