Рио-де-Жанейро қаласының мэрі 2021 жылы карнавалдың өткізілмейтіндігін жариялады

Express Qazaqstan
news.cgtn.com

Бразилияның Рио - де-Жанейро қаласының мэрі Эдуард Паес COVID-19 коронавирустық пандемиясына байланысты биыл әйгілі карнавалдан бас тарту туралы шешім қабылдады.

"Мен карнавалға деген құштарлығымды жасырған емеспін және бұл мәдени шараның біздің қала үшін экономикалық маңыздылығын түсінемін. Алайда, қазір шілде айында карнавалды ұйымдастыра алатынымыз орынсыз көрінеді", - деп жазды ол.

Worldometer статистикалық сайтының деректеріне сәйкес Бразилия эпидемиологиялық жағдайы ең қолайсыз елдердің алғашқы үштігіне кіреді. Covid-19 пандемиясы басталғалы бері елде 8,7 миллион инфекция оқиғасы анықталды, 214,2 мың науқас қайтыс болды, шамамен 7,6 миллион адам сауықты.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров