АҚШ-та тоңазытқыштың өшуіне байланысты Moderna вакцинасының 2 мыңға жуық дозасы жойылды

Express Qazaqstan
japantimes.co.jp

Препарат сақталған тоңазытқыштың кездейсоқ сөнуіне байланысты Бостонда (Массачусетс штаты, АҚШ) covid-19 коронавирусына қарсы вакцинаның 2 мыңға жуық дозасы жойылды, деп хабарлады ABC News американдық телеарнасы.

"19 қаңтар, сейсенбі күні Бостон фармацевтикалық қызметкерлері Jamaica Plain орталығындағы тоңазытқыштың істен шыққанын анықтады. Нәтижесінде мұздатқышта сақталған Moderna вакцинасының 1,9 мың дозасы жойылды", деді каналға Boston Healthcare System медициналық орталығының өкілі Кайл Тото.

Орталық өкілі тоңазытқышта дабыл беретін жүйенің орнатылғанын, бірақ ол жұмыс істемегенін атап өтті.

"Біз бүлінген дозаларды толықтырумен айналысамыз, вакцинациялау бағдарламасына кесірі тимеуге тиіс", деді Тото.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров