Грузия
Грузия СІМ басшысы коронавируспен ауырып қалған, үйінде емделуде


mir24.tv
Грузияның сыртқы істер министрі Давид Залкалиани коронавирустық инфекцияны жұқтырғандығын растады.
Министр сейсенбіде әлеуметтік желілерде "COVID-19 тестілеуі оң нәтиже берді, үйде емделіп жатырмын", деп жазды.
"23 қаңтарда коронавирус жұқтырған адаммен контактіде болғаннан кейін оқшаулану режиміне көштім. Тест менде COVID-19 бар екенін растады. Қазір өзімді жақсы сезінемін, үйде емделудемін және жақын арада бәрі бұрынғыдай болады деген үміттемін", деп жазды Залкалиани.
Бөлісу