Токиодағы тест ретіндегі олимпиадалық іс-шара COVID-19 салдарынан кем дегенде сәуір айына дейін кейінге қалдырылды-БАҚ

Express Qazaqstan

bangkokpost.com

Токиода Олимпиада алаңында ойындарға дайындық аясында 4-7 наурыз аралығында өтуі көзделген алғашқы сынақ шарасы кейінге қалдырылды, деп хабарлады жапондық БАҚ.

Су спорты орталығында 10 елдің қатысуымен синхронды жүзуден іріктеу турының финалы өтеді, деп жоспарланған болатын. Осылайша олимпиаданы ұйымдастырушылар осы іс-шараға дайындығын тексере алады, деп болжанған.

Алайда, Жапонияда елде енгізілген төтенше жағдай режиміне және елге кіруге қойылған шектеулерге байланысты іс-шара сәуір айы, мүмкін мамыр айында өтеді, деп шешілді.

Токиода және елдің бірқатар аймақтарында COVID-19 коронавирустық пандемиясына байланысты төтенше жағдай режимі кем дегенде 7 ақпанға дейін күшінде болмақ.

Өткен аптада Жапония министрлер кабинеті бас хатшысының орынбасары Манабу Сакаи БАҚ-на Жапония билігі Токио Олимпиадасын өткізбеу және оны 2032 жылға ауыстыру туралы шешім қабылдағанын жоққа шығарды.

Токиодағы жазғы Олимпиада 2020 жылдың 23 шілдесінен 8 тамызына дейін өтуі керек еді, бірақ коронавирустық пандемияға байланысты ойындар 2021 жылға қалдырылды. Олимпиада 2021 жылғы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында, ал Паралимпиада 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтетіні хабарланды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров