Коронавирусқа қарамастан, Токиодағы Олимпиада ойындары өтеді-ұйымдастыру комитетінің басшысы

Express Qazaqstan
© AP

Сovid-19 коронавирустық пандемиясы Жапония билігінің 2021 жылы Токиода Олимпиада ойындарын өткізу ниетіне әсер етпейді, деді "Токио -2020" ұйымдастыру комитетінің президенті Есиро Мори.

"Біз бәріміз, оның ішінде  Жапонияның премьер-министрі Есихидэ Сугу бұған күш салдық және біз оны міндетті түрде өткіземіз. Ойын өте ме, жоқ па, деп емес, оны  қалай өткізу керектігі туралы ойланайық", деп жапондық БАҚ оның сөздерін келтіріп отыр.

Ол қазіргі  қиын кезеңде  Олимпиада ойындарын өткізу бүкіл әлем үшін жағымды  сигнал болатынын атап өтті.

Сонымен бірге, covid-19 инфекциясының көбеюіне байланысты Жапония үкіметі сейсенбіде Токио мен 9 префектураның төтенше жағдайын бір айға ,7 наурызға дейін ұзартуға ниетті. Премьер сарапшылар тобын тыңдағаннан кейін түпкілікті шешім қабылдайды.

Токио Олимпиадасы 2020 жылға жоспарланған, бірақ коронавирустық пандемияға байланысты ол бір жылға ауыстырылды: Ойындар  2021 жылдың 23  шілдесі мен  8 тамызы аралығында өтеді, деп жоспарлануда.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров