Қырғызстанның экс-президенті Жээнбеков Меккеге қажылық жасау үшін кетті

Express Qazaqstan
france24.com

Қырғызстанның бұрынғы президенті Сооронбай Жээнбеков отбасымен бірге елден ұшып кетті, деп хабарлады сейсенбіде "Интерфакске" республиканың күш құрылымдарындағы ақпарат көздер.

"Жээнбеков жақында отбасымен бірге Ыстамбулға "Манас" халықаралық әуежайынан ұшып кетті", деді ақпарат көзі.

Бұрынғы мемлекет басшысы Қырғызстаннан Меккеге қажылық жасау үшін кетті, деп мәлімдеді оның бұрынғы өкілі Толғонай Стамалиева "Интерфакске".

"Ол жұбайымен бірге таңертең Ыстамбұлға ұшып кетті, содан кейін Джидда қаласына барады. Бұл сапарға Жээнбеков Сауд Арабиясы королінің шақыруымен шықты", деді Стамалиева.

Қырғызстанның экс-президенті Сауд Арабиясында 10 күн болған соң  Бішкекке оралмақ, деді ол.

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті агенттікке Жээнбековтың  елден кедергісіз кете алатынын, оның орын ауыстыруына ешқандай шектеулердің  жоқ екенін мәлімдеді.

Сейсенбі күні бас прокуратураның өкілі " Интерфакске" хабарлағандай,  өткен жылдың 5 қазанында Бішкекте өткен парламенттік сайлаудың нәтижелерін мойындауға қарсы ұйымдастырылған  митингке қатысып,  зардап шеккен азаматтар  Жээнбековты экс-президент мәртебесінен айыруды және демонстранттарды күшпен таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап еткен болатын.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров