ДДҰ сарапшылары Ухань вирусология институтына барады

Express Qazaqstan
france24.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сарапшылар тобы сәрсенбіде Ухань вирусология институтына COVID-19 шығу тегін зерттеу аясында барады.

"Жұмыс жоспарына сәйкес, Біріккен сарапшылар тобы 3 ақпанда Қытай Ғылым академиясының Ухань вирусология институтына және Ухань мемлекеттік биологиялық қауіпсіздік зертханасына барады",  делінген CGTN телеарнасының Weibo желісіндегі хабарламасында.

Сейсенбі күні ДДҰ сарапшылары Уханьдағы жануарлар аурулары орталығын аралап, оның қызметкерлерімен кездесті.

Кейбір нұсқаларға қарағанда, пандемия дәл Ухань вирусология институтынан коронавирустың шығып  кетуінен басталған. Мұндай болжамдарды атап айтқанда, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп айтқан. Бірақ ғалымдардың көпшілігі COVID-19 зертханалық емес, зоонозды деп санайды.

Құрамында Ресей өкілі бар әлемнің 12 елінен келген халықаралық сарапшылар тобы 28 қаңтарда Қытайға келгендердің барлығына міндетті екі апталық карантинде болғаннан кейін жұмысқа кірісті.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров