Нұр-Сұлтанда бір апта ішінде қауіпті аумақта жұмыс істейтін 700-ден астам дәрігер covid-19 қарсы екпе салдыртты

Express Qazaqstan
elorda.info

Нұр-Сұлтанда бір апта ішінде 719 дәрігерге covid-19 қарсы екпе салынды, деп хабарлады қала әкімшілігінің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі  Тимур Мұратов.

"Елордада халықты кезең-кезеңмен вакцинациялау басталды.Бірінші  ақпаннан  бері бүгінгі күнге дейін 719 медицина қызметкеріне коронавирусқа қарсы екпе салынды, қамту деңгейі  78%  асып отыр. Бұл қауіпті қызметтегі медицина қызметкерлері, оның ішінде  инфекциялық стационарлардың, жедел медициналық жәрдемнің, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің, көп бейінді стационарлардың қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері", деді Мұратов дүйсенбіде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 5 елордалық дәрігер  ғана вакцинациядан бас тартқан, 192 дәрігерден вакцина салуға  уақытша медициналық қарсы көрсетілімдер анықталған.

Ол 8 ақпандағы жағдай бойынша денсаулық сақтау басқармасының қоймасында вакцинаның 1 мың 531 дозасы бар екенін хабарлады.

Ums клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі Елена Ковзельдің айтуынша, "вакцина салу  кезінде айтарлықтай  реакциялар байқалмаған, тек нұсқаулықта көрсетілгендей, жергілікті реакция ғана болған".

Бұрын хабарланған 1-ші ақпаннан бастап елімізде коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталады

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров