Нидерландыда Сovid-19 байланысты коменданттық сағат көктемге дейін ұзартылды

Express Qazaqstan
wfmz.com

Нидерланды үкіметі COVID-19 коронавирусымен күресу үшін енгізілген жалпыұлттық түнгі коменданттық сағатты 2 наурызға дейін ұзартады, деп хабарлады батыстың БАҚ Нидерланды Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік басшысы Ферд Грапперхаустың айтуынша, медициналық сарапшылар тобы "британдық жұқпалы нұсқаның (COVID-19) таралу қарқынының одан да жоғары өсуі туралы қатаң ескертті және коменданттық сағатты өз күшінде қалдыруды ұсынды".

БАҚ елде Екінші дүниежүзілік соғысы кезінен бері бірінші рет коменданттық сағат енгізіліп отырғанын еске салды.

Елде COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері 1 миллионнан астам адам вирус жұқтырған, 14 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров