Қытайда 2020 жылы бала туу көрсеткіші айтарлықтай төмендеді


2020 жылы Қытайда бала туу көрсеткіші алдыңғы жылмен салыстырғанда 30% төмендеді, делінген ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің мәліметтерінде.
"2020 жылы қоғамдық қауіпсіздік органдарының тұрақты тұратын жері бойынша тіркеген туылған нәрестелер саны 10 млн 35 мыңды құрады, оның ішінде 5,29 млн немесе 52,7% - ұлдар, 4,74 млн немесе 47,3% - қыздар", делінген министрліктің баяндамасында.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2019 жылы ҚХР-да 14,65 миллион бала дүниеге келді, 2018 жылы - 15,23 миллион, 2017 жылы - 17,23 миллион, ал 2016 жылы-17,86 миллион.Демек, өткен жылмен салыстырғанда 2020 жылы жаңадан туылған нәрестелер саны 30% аз болды.
Қытай 1979 жылдан 2016 жылға дейін "Бір отбасы - бір бала" саясатын жүргізіп келген. Оның кері салдарының бірі- еңбекке қабілетті халықтың қысқаруы болды. Қазір елде кез-келген отбасы екі балалы бола алады.
Бөлісу