Мамандар COVID-19 вакцинациясынан кейін спортпен уақытша айналыспауға кеңес береді

Express Qazaqstan
military.com

Covid-19-ға қарсы вакцинациядан кейін бірнеше күн спортпен айналысуды шектеген жөн, алкогольден де бас тартқан орынды, деді сәрсенбіде Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің медициналық ұйымдарды үйлестіру жөніндегі дирекциясының басшысы Алексей Безымянный.

"Шын мәнінде, вакцина ешқандай елеулі шектеуді қажет етпейді, бұл әрине, біздердің, яғни  дәрігерлердің  пациенттерге әрдайым беретін ұсыныстарымыз, бірнеше күн бойы алкогольден бас тартуға және вакцина салынған күні мен келесі күні спортпен шұғылдануға кеңес берілмейді",  деді Безымянный Мәскеу қалалық Думасындағы дөңгелек стол барысында.

Дирекция басшысы атап өткендей, тамақтану және өмір салтын өзгерту бойынша басқа ұсыныстар жоқ.

Безымянный вакцинацияны салауатты өмір салтын бастауға қосымша ынталандыру ретінде қарастырған жөн, деп қосты.

Ресейде халықты COVID-19 - ға жаппай вакцинациялау 18 қаңтарда, Қазақстанда-1 ақпанда басталды. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясында да, Қазақстанда да  "Спутник V" препараты салынуда.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров