Британдық ханзада Чарльз және оның жұбайына COVID-19-ға қарсы екпе салынды


Ұлыбританиядағы дәрігерлер ханзада Чарльз мен оның жұбайы Камилла Корнуолл герцогинясына covid-19 коронавирусына қарсы вакцина салды, деп хабарлады сәрсенбіде британдық БАҚ.
Олардың қандай вакцина алғаны туралы хабарланбаған. Ханзада Чарльз және оның әйелі вакцина алатындардың төртінші басымдық тобына кіреді, ол топты 70 жастан асқандар құрайды.
Премьер-министр Борис Джонсон бұған дейін 15 ақпанға қарай басымдық берілген төрт топқа да коронавирусқа қарсы вакцинациялану мүмкіндігінің жасалатындығын айтқан болатын.
Бұған дейін патшайым Елизавета II мен оның күйеуі ханзада Филип Эдинбург герцогі коронавирусқа қарсы вакцина алған.
Қалған басым топтарға денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, қарттар үйінің тұрғындары және олардың қызметкерлері, сондай-ақ медициналық көрсеткіштері жағынан covid-19 көтере алмайтын адамдар кіреді.
Бөлісу