Кипр әуежайларды ашып, Сovid-19 таралу қарқынына байланысты елдер үшін түсті кодтауды енгізеді

Express Qazaqstan
thejakartapost.com

Кипр 1 наурыздан бастап шетелден келгендер үшін әуежайлар ашуды жоспарлап отыр және оларда Сovid-19 таралу қарқынына байланысты елдер үшін түсті кодтауды енгізуде.

Кипр ЕО-қа мүше мемлекеттер және Ұлыбритания, Ресей және Израиль сияқты үшінші елдер үшін бағдаршамдар жүйесі деп аталатын жүйені енгізеді.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, 1-31 наурыз аралығында "жасыл" елдерден келгендердің барлығы келген кезде Сovid-19-ға тегін ПТР тестін тапсыруы керек, ал 1 сәуірден бастап бұл талап жойылады.

“Сары” елдерден келген адамдар сапардан 72 сағат бұрын ПТР тест тапчыруы керек. "Қызыл" деңгейдегі елден келгендер ПТР тестін екі рет-келер алдында және аралға келгеннен кейін тапсыруы керек.

Кипрдің Көлік министрлігі сонымен бірге Ұлыбританиядан келгендер үшін міндетті жеті күндік карантинді 31 наурызға дейін ұзартатынын мәлімдеді.

Елдердің белгіленуі апта сайын қайта қаралатыны атап өтілді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров