"Спутник V" вакцинасы Қырғызстанда тіркелді

Express Qazaqstan
© Sputnik

Қырғызстанда COVID-19-ға қарсы Ресейлік "Спутник V" вакцинасы тіркелді, деп хабарлады сейсенбіде республиканың денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

"Қырғызстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жанындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар департаменті SARS-CoV-2 Гам-КОВИД-Вак (Спутник V) вирусы тудыратын коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін біріктірілген векторлық вакцинаға тіркеу куәлігін берді", - делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, Қырғызстанда вакцинаны тіркеу жақын арада коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін халықты вакцинациялауға мүмкіндік береді.

22 қаңтарда өткен брифингте Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алымқадыр Бейшеналиев елде Сovid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинация ерікті болатынын хабарлады.

"Алғашқы коронавирустық вакцинаны дәрігерлер алады, содан кейін қауіпті топтар мен Қырғызстан халқының осал топтары алады. Үшінші кезеңде екпелер мемлекет және донорлар есебінен ерікті негізде барлық ниет білдірушілерге жасалатын болады", - деді Бейшеналиев.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров