"Спутник V" вакцинасы Гайанада тіркелді

Express Qazaqstan
© Sputnik

Гайана Ресейдің "Спутник V" коронавирусына қарсы вакцинасын тіркеді, деп хабарлады Ресейдің тікелей инвестициялар қоры.

"Бүгін біз Гайанада препараттың тіркелгенін жариялаймыз. "Спутник V" 33 елде тіркелген және пандемиямен жаһандық күреске маңызды үлес қосып отыр",  деп қордың баспасөз қызметі сейсенбідегі хабарламада аталмыш қордың  бас директоры Кирилл Дмитриевтің сөздерін келтіреді.

Тіркеу жеделдетілген рәсім (emergency use authorization, EUA) шеңберінде жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта "Спутник V" Ресейде, Белоруссияда, Аргентинада, Боливияда, Сербияда, Алжирде, Палестинада, Венесуэлада, Парагвайда, Түркіменстанда, Венгрияда, БАӘ-де, Иранда, Гвинея Республикасында, Тунисте, Арменияда, Мексикада, Никарагуада, Серб Республикасында (Босния және Герцеговина энтитеті), Ливанда, Мьянмада, Пәкістанда, Монғолияда, Бахрейнде, Черногорияда, Сент-Винсентте және Гренадинде, Қазақстанда, Өзбекстанда, Габонда, Сан-Марино, Гана және Қырғызстанда тіркелген.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров