Оңтүстік Корея жұма күні медицина қызметкерлеріне COVID-19 қарсы вакцина салу науқанын бастайды

Express Qazaqstan
aa.com

Елде өндірілген AstraZeneca коронавирустық вакцинасының партиялары сәрсенбіде осы аптада басталатын халықты вакцинациялау науқанына дайындық аясында өндіруші зауыттан Сеул маңындағы қоймаға әкеліне бастайды, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Елдің премьер-министрі Чон Се Гюн сәрсенбіде өткен үкімет отырысында: "біз алғашқы тарихи вакцинацияны жұмада бастаймыз, ал вакциналар бүгін жеткізілмек. Бұл біз күткен  қалыпты өмірге  бет бұрған алғашқы қадам болмақ".

Бірінші болып медицина қызметкерлеріне екпе салынады.  Оңтүстік Корея шілде айына дейін жоғары қауіпті санаттарға жатқызылған  10 миллион адамға екпе салып, қарашаға дейін ұжымдық иммунитетке қол жеткізуді жоспарлап отыр.

Сәрсенбі күнгі жағдай бойынша AstraZeneca вакцинасының қоры шамамен 750 мың адамды вакцинациялауға жеткілікті, деп хабарлады оңтүстіккореялық БАҚ.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров