Швейцарияда бір жыл ішінде коронавирустың 551 мың жағдайы анықталды

Express Qazaqstan
usnews.com

Швейцарияда алғашқы COVID-19 ауруы анықталғаннан бері коронавирусты жұқтырудың жалпы саны 551 мыңнан асты, деп хабарлайды швейцариялық БАҚ.

Бір жыл бұрын, 2020 жылдың 24-ақпанында Швейцарияның Тичино кантонында елде инфекцияның алғашқы  жағдайы тіркелді.  COVID-19 індетінің  бірінші белгісі 70 жастағы ер адамда расталған болатын.

Бірнеше күннен кейін инфекция жағдайлары елдің басқа кантондарында да тіркеле бастады. Өткен жылдың ақпан айының соңында Швейцарияда 1 мыңнан астам адамға, наурыз айында 100 - ден астам адамға топтасуға тыйым салынды.

Бұған дейін Швейцария үкіметі наурыз айынан бастап COVID-19 коронавирусының таралуына қарсы шаралар аясында жабылған  дүкендер мен мұражайлардың жұмысына рұқсат беруі  мүмкіндігі қарастырылатындығын мәлімдеген еді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров