КХДР COVAX желісі бойынша коронавирустық вакциналардың шамамен 1,7 миллион дозасын алады

Express Qazaqstan
© Reuters

Солтүстік Корея COVAX халықаралық бағдарламасы аясында COVID-19 вакцинасының 1,7 миллионға жуық дозасын алады.

COVAX жариялаған вакциналарды тарату жоспарына сәйкес ақпаннан мамырға дейін КХДР-ға  AstraZeneca шығарған вакциналардың жалпы 1 млн 704 мың дозасы жеткізілетін болады.

Бұл шамамен 852 мың адамды егу үшін жеткілікті.

COVAX-табыс деңгейіне қарамастан, барлық елдер үшін COVID-19 вакциналарына тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған ғаламдық бастама.Оның ұйытқысы болған ДДҰ.

Солтүстік Корея вакциналармен қамтамасыз ету бойынша COVAX жоспарына кіретін 92 дамымаған елдің қатарына кіреді.

Пхеньян елде COVID-19 инфекциясының анықталған жағдайлары туралы хабарлаған жоқ. Алайда, 2020 жылдың басынан бастап КХДР вирусқа қарсы қатаң шаралар қабылдады және шекаралар жабылды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров