Токиода төтенше жағдай режимін ұзарту жоспарлануда

Express Qazaqstan
© AP

Жапония билігі Токиода және көрші префектураларда covid-19 коронавирустық індетінің таралуына жол бермес үшін төтенше жағдайды ұзартпақ, деп хабарлады The Japan Times елдің премьер-министрі Есихидэ Сугуға сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, бұл шара Жапонияның астанасы мен "үлкен Токио"деп аталатын агломерацияға кіретін Тиба, Канагава және Сайтама префектураларына қатысты болмақ.

Суга төтенше жағдайды жою критерийі ретінде коронавирустың жаңа штамдарының таралу жылдамдығының болатындығын атап өтті.

Worldometer сайтының мәліметінше, пандемия кезінде Жапонияда коронавирустың 435,5 мыңнан астам жағдайы анықталды, 8 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров