Грузияда COVID-19 инфекциясы бір тәулікте үш есеге артты

Экспресс К
georgiahealthnews.com

Грузияда бір күнде COVID-19 коронавирусын жұқтырудың 513 жаңа жағдайы анықталды, бұл кешегі мәліметтерден үш есе көп (137 жаңа жағдай).

Грузия денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, пандемия басталғалы бері елде коронавирусты жұқтырудың расталған жағдайларының жалпы саны 273 мың 650-ге жетті, 3 мың 613 адам қайтыс болды.

Соңғы тәулікте 12 адам көз жұмды.

Бір күн бұрын Грузияның ауруларды бақылау ұлттық орталығының басшысы Амиран Гамкрелидзе брифингте елде  бұл ауруды қайта жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелгенін айтты. Оның айтуынша, COVID-19 үш ай бұрын ауырып тұрған науқастан анықталған.

Өткен аптада Грузия денсаулық сақтау министрлігі елде 31 адамнан  COVID-19 коронавирусының "британдық" штаммының шыққандығын растады.

Грузияның денсаулық сақтау министрлігі халыққа вакцина салу осы айдың соңында басталады, деп үміттенеді. Бірінші кезеңде Грузияға COVAX платформасы арқылы сатып алған Pfizer вакцинасының шектеулі мөлшері және AstraZeneca вакцинасының шамамен 129 мың дозасы жеткізілмек.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров