Пекинде 6 миллионға жуық адамға COVID-19 қарсы вакцина салынды

Express Qazaqstan
xinhuanet.com

Бейжіңде коронавирусқа қарсы вакцинаның кем дегенде бір дозасын 5 миллион 966 мың 900 адам қабылдады, деп хабарлады China News жергілікті билікке сілтеме жасай отырып.

ҚХР астанасында вакцина салу 1 қаңтарда басталды. Жергілікті жерде  өндірілген вакцина салынған, бірақ қайсысы екені көрсетілмейді.

Вакцинаны қазірдің өзінде қаладағы халықтың негізгі топтары алды, енді билік "біртіндеп ұжымдық иммунитетті қалыптастыра отырып", халықтың қалған бөлігін иммундауға кірісті. Бейжің халқы 21 миллионнан асады.

Елордалық денсаулық сақтау комитетінің мәліметінше, сәрсенбіде қалада коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары анықталған жоқ. Пандемия басталғалы  бері Қытайда 89 мыңнан астам адам COVID-19 жұқтырды, 4,6 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров