Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы әуе рейстері 14 наурыздан қайта басталмақ

Express Qazaqstan
pixabay.com

Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы тұрақты әуе рейстері 14 наурыздан қайта жіберіле бастайды, деп хабарлады "Ховар" НИАТ  республика үкіметі жанындағы Азаматтық авиация агенттігіне сілтеме жасап.

"Эйр Астана" әуекомпаниясы 14 наурызда Душанбе - Алматы рейсін орындайды. Сонымен қатар, 17 наурызда тәжіктің "Сомон Эйр" әуе компаниясы  Душанбе-Алматы бағыты бойынша тұрақты рейстерді ашады. Осылайша, Қазақстан Covid-19 пандемиясына байланысты  бір жылдық үзілістен кейін Тәжікстанға тұрақты халықаралық рейстерді қайта бастайды.

Қазіргі уақытта Тәжікстан Түркияға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Өзбекстан мен Ауғанстанға тұрақты халықаралық рейстерді қайта бастады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров