Париж ауруханалары COVID-19 пациенттерінің ағынына төтеп бере алмауда

Express Qazaqstan
nehandaradio.com

Франция билігі Covid-19 пациенттерінің бір бөлігін Париж ауруханаларынан елдің басқа қалаларына тасымалдау туралы шешім қабылдады.

"Біз бір апта ішінде Иль-де-Франс астаналық ауданынан шамамен 100 пациентті тасымалдаймыз", - деп жазды француз ақпарат құралдары Үкімет өкілі Габриэль Атталдың сөзін. Сонымен қатар, жексенбіде екі науқас Парижден Бордоға бет алды.

Астаналық ауруханалардың қарқынды терапия бөлімшелерінде емделіп жатқан адамдарды басқа қалаларға көшіру жоспарлануда. Ол үшін билік арнайы жабдықталған пойыздарды пайдаланбақшы.

Қазіргі уақытта Францияда COVID-19 жұқтырған шамамен 4,1 мың адам қарқынды терапия бөлімшелерінде, олардың 1,1 мыңы Парижде және оның төңірегінде.

Францияда коронавирустық инфекцияның таралуын бәсеңдету үшін бірнеше айдан бері қатаң шектеу шаралары қолданылып келеді. Осыған қарамастан, соңғы апталарда Сovid-19 таралу қарқыны сарапшыларды алаңдатады. Сенбіде Францияда тағы 30 мыңға жуық адам вирус жұқтырған, 174 науқас қайтыс болды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров