Париж аймағында реанимациядағы COVID-19 пациенттерінің саны бойынша рекордтық көрсеткіштер тіркелді

Express Qazaqstan
france24.com

Париждегі және оның маңындағы ауруханалардың реанимация бөлімшелерінде коронавирустық инфекциясы бар 1152 науқас бар, деп хабарлайды Француз БАҚ-ы осы аймақтық денсаулық сақтау қызметіне сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың күзінде COVID-19 пандемиясының екінші толқыны кезінде жазылған антирекордтан жоғары екендігі атап өтілді. 13 қарашада Париж аймағында реанимацияда коронавирусы бар 1,13 мың адам болды.

Астаналық аймақтың ауруханалары толып жатыр. Өткен демалыс күндері тікұшақпен алты науқас Францияның басқа аймақтарына жіберілді.

Францияда коронавирустық инфекцияның таралуын бәсеңдету үшін бірнеше айдан бері қатаң шектеу шаралары қолданылып келеді. Осыған қарамастан, соңғы апталарда Сovid-19 таралу қарқыны сарапшыларды алаңдатады.

Францияда пандемия кезінде 4 миллионнан астам Сovid-19 жағдайы анықталды, олардың 90 мыңға жуығы қайтыс болды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров