ДДҰ және Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінің сарапшылары COVID-19 вакцинасын қолдану перспективаларын талқылайды

Express Qazaqstan
npr.org

Еуропаның 11 елі, оның ішінде Германия, Италия, Испания және Франция жанама әсер беру ықтималдылығына  байланысты AstraZeneca шығарған COVID-19 вакцинасын қолдануды тоқтатты, деп хабарлады BBC британдық телерадиокорпорациясы сейсенбіде.

Би-би-си вакцинациядан кейін қанның ұйып қалуына байланысты бірқатар жағдайларды еске түсіреді, бірақ сарапшылар оның  нақты байланысы әлі дәлелденбеген және бұл жағдайлардың өзі жалпы статистикадан аспаған, деп айтуда.

AstraZeneca вакцинасына қатысты мәселе  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, сондай-ақ Еуропалық дәрілік құралдар агенттігі мамандарының кездесуінің тақырыбы болмақ.

Бұл вакцинаны қолдануды жалғастыру туралы шешім бейсенбіде қабылданады, деп күтілуде.

AstraZeneca компаниясының мәліметінше, қазіргі уақытта оның COVID-19 вакцинасы ЕО елдері мен Ұлыбританияда 17 миллион адамға  салынған. Сонымен қатар, өткен аптадағы жағдай бойынша қанның ұйып қалу жағдайларының  40-тан  да төмен екендігі белгілі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров