Француздардың басым көпшілігі "ковидтік паспорттарға" қарсы

Экспресс К
telegraph.co

Франция азаматтарының шамамен 70%  коронавирусқа қарсы вакцинация туралы мәліметтері бар арнайы құжаттарды енгізбеу керек деп санайды, делінген  қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелерінде.

Францияның экономикалық, әлеуметтік және экологиялық кеңесінің сауалнамасына қарағанда, респонденттердің 67,1% бұл идеяға мүлдем қарсы, тағы 5,6% қарсы. Жауап бергендердің 20,2%  мұндай  паспорттар туралы оң пікірде, 5,1% қолдайды. 2% әзірге нақты пікірі қалыптаспаған.

Зерттеу 17 ақпаннан бастап жүргізілді, оған 110 мыңнан астам адам қатысты.

25 ақпанда Германия канцлері Ангела Меркель ЕО елдері бірыңғай электронды "вакцинация паспорттарын" жасауға келіскенін хабарлаған.

ДДҰ саяхатшылар үшін вакцинация төлқұжаттарын қолдану мәселесін зерттеп жатыр, бірақ мұндай құжаттарды енгізу қажеттілігі туралы  шешім әлі  қабылдаған жоқ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров