Франция премьер-министрі елдегі COVID-19 пандемиясының үшінші толқыны туралы жариялады

Express Qazaqstan
dailysabah.com

Францияда коронавирустық пандемияның үшінші толқыны орын алып отыр, деді премьер-министр Жан Кастекс.

Бұл туралы Кастекстің сөздерін  BFM-TV телеарнасы келтіріп отыр.

Оның айтуынша, дәл осы кезеңге  коронавирустың көптеген штамдарының пайда болуы тән.

Францияда коронавирустық инфекцияның таралуын бәсеңдету үшін бірнеше айдан бері қатаң шектеу шаралары қолданылып келеді. Осыған қарамастан, соңғы апталарда covid-19 таралу қарқыны сарапшыларды алаңдатуда.

Бір күн бұрын Париж аймағында коронавирустық инфекциямен  1 мың 152 науқастың ауруханалардың реанимация бөлімшелерінде жатқандығы хабарланды, бұл өткен жылдың күзінде COVID-19 пандемиясының екінші толқыны кезінде тіркелген антирекордтан жоғары.

Францияда пандемия кезінде 4 миллионнан астам covid-19 жағдайы анықталды,  90 мыңға жуық адам қайтыс болды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров