Moderna өзінің вакцинасын балаларға сынап көрмек

Express Qazaqstan
people.com

Американдық Moderna компаниясы covid-19 коронавирусына қарсы вакцинаны сынаудың жаңа кезеңінің басталғанын жариялады, оның барысында препараттың тиімділігі алты айдан 12 жасқа дейінгі балалар арасында тексеріледі.

"Moderna зерттеу кезеңі аясында бүгін алғашқы қатысушылардың, яғни  алты айдан  12 жасқа дейінгі балалардың  вакцина дозасын алғанын хабарлайды",  делінген компания хабарламасында.

Компания бұл  клиникалық сынақтардың   АҚШ пен Канадада  дені сау балалар  арасында өтетінін мәлімдеді.

Осы кезең барысында мамандар 28 күндік айырмашылықпен енгізілетін мРНҚ-1273 вакцинасының екі дозасының қауіпсіздігін, төзімділігін, реактогенділігін және тиімділігін бағаламақ.

Алдында американдық Moderna компаниясы препараттың 94,1% тиімділігі туралы хабарлаған болатын.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров