Қытай өткен жылы 220 миллиардтан астам маска экспорттаған


Қытай 2020 жылы 220 миллиардтан астам қорғануға арналған масканы 200-ден астам ел мен аймаққа экспорттады, деп хабарлады ҚХР сауда министрлігі басшысының орынбасары Цян Кэмин.
"Біз эпидемияға қарсы дәрі - дәрмектерді жеткізетін ең ірі мемлекет болдық, 200 - ден астам ел мен аймақққа 220 миллиардтан астам маска, сондай-ақ 2,3 миллиард қорғаныс костюмі мен 1 миллиард реагенттер жиынтығын ұсындық", деді Цян Кэмин, оның сөздерін министрлік келтіріп отыр.
2020 жылы Қытай экономикасы 2,3% - ға өсті. Бұл экономиканың өсу қарқынының соңғы қырық жылда ең төмені болды. Алайда, ҚХР коронавирустық пандемия жағдайында экономикада өсім көрсеткен жалғыз ел болуы ықтимал .
Мәселен, 2020 жылдың қорытындысы бойынша америкалық экономика 3,5% төмендеген, бұл 1946 жылдан бергі ең елеулі қысқару. Өткен жылы ресейлік ЖІӨ 4% төмендеді.
Бөлісу