БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі сейсенбіде Мьянма бойынша шұғыл отырыс өткізеді

Express Qazaqstan
mb.com.ph

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі сейсенбіде Мьянмадағы жағдай бойынша шұғыл отырысқа жиналады, деп хабарлайды батыстың БАҚ.

Отырыс жабық түрде, бейнеконференция форматында өтеді деп күтілуде.

Бұған дейін Мьянмадағы жағдайға қатысты алаңдаушылықты бірқатар әлемдік көшбасшылар, соның ішінде Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон және еуропалық дипломатия басшысы Жозеп Боррель білдірді.

Әскери күштер Мьянманың мемлекеттік кеңесшісі Аун Сан Су Чжиді, Президент Вин Мьинді және басқа да жоғары лауазымды тұлғаларды ұстады деп хабарланды.

Мьянма әскери теледидары елде бір жыл мерзімге төтенше жағдай жарияланғанын хабарлады.

Сондай-ақ, мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде елдегі барлық мемлекеттік билік Мьянма қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Мин Аунг Хлайнға өтіп, вице-президент Мьинт Шве президенттің міндетін атқарушы болғандығы белгілі болды.

Әскерилер елде 2020 жылдың 8 қарашасында өткен "сайлаудың бұрмалануына" жауап ретінде қамауға алынғанын айтты.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров