Ердоған: Түркия екі жылдан кейін Айға ғарыш аппаратын жіберуді жоспарлап отыр

Express Qazaqstan
yahoo.com

Анкара ғарыш саласын дамыту аясында 2023 жылға қарай Айға ғарыш аппаратын жіберуді жоспарлап отыр, деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ұлттық ғарыш бағдарламасын таныстыру кезінде.

"Біздің ұлттық ғарыш бағдарламасындағы басты және маңызды мақсатымыз- Республикамыздың құрылуының 100 жылдығына арнап Айға алғаш рет жету", деп жазды "Сабах" басылымы.

"Ердоған сонымен қатар  Түркия халықаралық ынтымақтастық аясында ғарыш айлағын салуға ниетті екенін айтты", делінген  газетте.

Президент бағдарламаның түпкілікті  мақсаты Түркия азаматын ғарышқа жіберу екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар Ердоған елдің әскери және азаматтық қажеттіліктері үшін жаңа спутниктерді ұшыру және спутниктік навигация жүйесін дамыту, жерсеріктердің көмегімен метеорологиялық мәліметтерді алу және жерден ғарыш объектілерін бақылауды жақсарту, ғарыш саласын дамыту және ғарыш саласына кадрлар даярлау жоспарлары туралы айтты.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров