Қырғызстан президенті РФ-ға сапары алдында оқшаулану режиміне көшті

Express Qazaqstan
© Sputnik

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров COVID-19 бойынша  оқшаулану режиміне көшіп, Ресей Федерациясына сапарға дайындалуда, деп хабарлады дүйсенбіде "Интерфакске" мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Галина Бәйтерек.

" Президент  Садыр Жапаровтың шетелдік сапары аясында Мәскеуге баруды  жоспарлап отырған қырғыз делегациясының барлық мүшелері оқшаулануда. Президент Бішкектегі мемлекеттік резиденциясында  оқшауланған",  деді Бәйтерек.

Оның айтуынша, дәрігерлердің барлық ұсыныстары орындалуда. "Делегацияның барлық мүшелері коронавирусқа тест тапсыруда  және оқшаулануда", деді баспасөз хатшысы.

"Мәскеуге барар алдында эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі өзара шешім болып табылады. Ресейліктер бұған қатты мән береді", деді Бәйтерек.

Ол Жапаровтың Ресей Федерациясына сапарының нақты күні туралы хабарлаған жоқ. Оның айтуынша, сапар келесі аптада өтпек.

Дүйсенбі күні мемлекет басшысының аппаратындағы ақпарат көзі агенттікке Жапаровтың Ресейге сапары 22-25 ақпанда болуы мүмкін екенін айтты.

Жапаров өткен жылдың күзінде Қырғызстанда билікке келді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров