Грузия премьер-министрі Гахария отставкаға кетті

Express Qazaqstan
agenda.ge

Грузияның премьер-министрі Георгий Гахария бейсенбі күні "Біртұтас ұлттық қозғалыс" оппозициялық партиясының жетекшісі Никанор Мелияны ұстау туралы сот шешімінің орындалмауына байланысты қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлады "Интерфакс" тілшісі.

Оның айтуынша, бұл шешімнің орындалмауы көптеген азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Бейсенбі күні полиция қызметкерлері Мелия орныққан Тбилисидегі оппозициялық грузиндік "Біртұтас ұлттық қозғалыс" партиясының кеңсесіне кіре алмады, оған қатысты сот оны  қамауға алу туралы шешім қабылдаған болатын.

Грузин БАҚ-ның хабарлауынша, 200-ге жуық адам, оның ішінде басқа оппозициялық партиялардың жетекшілері , Мелияның  жақтастары оны ұстау үшін полиция операциясына кедергі жасамақ.

Оппозициялық партияның жетекшісі қамауға алу туралы сот шешімін өз еркімен орындаудан бас тартқанын айтты.

Бір күн бұрын Тбилиси қалалық соты прокуратураның Мелияға қатысты  бұлтартпау шарасын кепіл төлеуден алдын ала қамауға алу туралы өтінішін қанағаттандырған болатын.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров