Францияның экс-президенті Николя Саркозиді сыбайлас жемқорлығы үшін бас бостандығынан айырды

Express Qazaqstan
adn.com

Францияның экс-президенті Николя Саркозиді сыбайлас жемқорлығы үшін бас бостандығынан айырды, деп хабарлады BFM.

«Париж соты Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиді сыбайлас жемқорлығы үшін бір жылға бас бостандығынан айырды. Бұл нақты мерзімге бас бостандығынан айырылған Францияның тұңғыш экс-президенті болып отыр. Саркози сыбайлас жемқорлық үшін және саудаға жасаған ықпалы үшін кінәлі деп танылды, сот оны үш жылға бас бостандығынан айырды, оның екі жылын шартты түрде өткізеді», - делінген дүйсенбідегі хабарда.

Тергеу нұсқасы бойынша саясаткер өз адвокаты Тберри Эрзога арқылы Кассацияық соты Жильбер Азиберге Монакада қызметке ие болуға көмектесетінін жеткізген. Ол ісі үшін соттан «Беттанкур ісі» бойынша оның телефонына қондырылған тыңдау құралы туралы ақпарат сұраған. Прокуратура Саркозиді төрт жылға бас бостандығынан айыруды сұраған, оның екеуі шартты түрде.

Хабарда атап өтілгендей, тыңдалым барысында Саркози ешқашан сыбайлас жемқорлық әрекетке бармағанын, ешқашан қызметтік жағдайын пайдаланбағанын айтып жалтарумен болған.

Бұған дейін Францияда Ресейдегі Саркозидің консультативтік әрекеті тексеріліп жатқаны белгілі болған еді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров