Қырғызстан президенті Қазақстанға ұшып шықты

Express Qazaqstan
mfa.gov.kg

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Қазақстанға ұшып шықты, деп хабарлайды Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі.

"Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Қазақстанға ұшып кетті. Нұр-Сұлтанда ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты келіссөздер жүргізіп, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай - ақ өзара іс-қимылдың келешегін талқылайды", - делінген хабарламада.

Қырғыз делегациясының құрамына Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев, вице-премьер-министр, Экономика және қаржы министрі Ұлықбек Қармышақов, Президент аппаратының сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Дастан Дүйшекеев, Қырғызстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жээнбек Құлубаев, Қорғаныс министрі Таалайбек Өмірәлиев, Ауыл, су шаруашылығы және өңірлерді дамыту министрі Асқарбек Жаныбеков, Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Қайрат Иманалиев, көлік, сәулет, құрылыс және коммуникация министрі Гүлмира Әбдіралиева, Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев, Энергетика және өнеркәсіп министрі Құбанықбек Тұрдубаев, инвестицияларды ілгерілету және қорғау жөніндегі мемлекеттік агенттіктің директоры Алмамбет Шықмаматов, экологиялық және техникалық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекцияның директоры Мырзабек Жапарқұлов кірді.

Сондай-ақ, мемлекеттік сапар аясында Жапаровтың Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, Парламент Төрағасы Нұрлан Нығматулинмен және премьер-министр Асқар Маминмен кездесуі жоспарланған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров