ЕЭК: Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы 30 сәуірде Қазан қаласында өтеді

Express Qazaqstan
kursiv.kz

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы 30 сәуірде Қазан қаласында дәстүрлі форматта өтеді, деп хабарлады журналистерге брифинг барысында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасы төрағасының көмекшісі Ия Малкина сәрсенбіде.

"30 сәуірде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді. Күн тәртібіне ЕАЭО  өнеркәсіптік саясаты саласындағы стратегиялық құжатт - Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2025 жылға дейінгі негізгі бағыттарын, ЕАЭО-да органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің еркін қозғалысын қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын және басқа да бірқатар құжатты енгізу жоспарланып отыр, - деді Малкина.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) отырысын 21 мамырда Нұр-Сұлтанда өткізу жоспарланған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров